Алаяқтарға қарсы «WhatsApp» бот әзірленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанда алаяқтарға қарсы күресетін бот әзірленді.
“Астана қаласының прокуратурасы алаяқтықпен күрес және алдын-алу шеңберінде ықтимал алаяқтарды анықтау мақсатында телефон нөмірлерін тексеру үшін арнайы «Алаяқтыққа қарсы» «WhatsApp» бот (+7-747-680-02-10) әзірледі,”- деп жазды баспасөз қызметі.
Жоба тауарларды сату/алу, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алу кезіндегі алаяқтық әрекеттерден қаржылық шығындар мен басқа да жағымсыз салдарлардың тәуекелдерін барынша азайтуға көмектесуге арналған.
Бұған дейін
Бас прокуратура елде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, күн сайын алданғандар саны артып бара жатқанын ескерткен еді.
Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін хабарлады. Ешкімге, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтері бермеу керектігін, осындай күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалу керектігін айтты.