×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Мемлекеттің миллиардтары қайда жұмсалып жатыр?

18.06.2024, 21:00
Коллаж Ulysmedia

Сарапшылар Қазақстан Республикасының 2019-2023 жылдардағы шығындарын талдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Мемлекеттік бюджетінің шығыстары экономикалық ағымдағы шығындарға, күрделі шығындарға, бюджеттік кредиттерге, қаржы активтерін сатып алуға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға бөлінеді. 

Экономикалық зерттеулер институтының мәліметі бойынша, 2019-2023 жылдары:

  • барлық шығыстардың 80,7% - ы ағымдағы шығындарға тиесілі болды (2023 жылы 22,1 трлн теңге);
  • 26,2% жеке тұлғаларға трансферттер (2023 жылы 5,4 трлн теңге);
  • 20,7% – қызметтер мен жұмыстарды сатып алу (2023 жылы 4,8 трлн теңге);
  • 17,4% - жалақыға (2023 жылы 4 трлн теңге);
  • 10% - өзге де ағымдағы трансферттер (2023 жылы 2 трлн теңге);
  • 8,4% - басқа да ағымдағы шығындар (2023 жылы 1,8 трлн теңге);
  • 6% – заңды тұлғаларға трансферттер (2023 жылы 1,4 трлн теңге);
  • 5,3% - ішкі қарыздар бойынша сыйақы төлеу (2023 жылы 1,5 трлн теңге);
  • 6% - қалған ағымдағы шығындар (жұмыс берушілердің жарналары, қорларды сатып алу, мемлекеттік емес қарыздар бойынша шығыстарды өтеу, сыртқы қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу, шетелге ағымдағы трансферттер, азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес жарналарды аудару) (2023 жылы 1,3 трлн теңге).

Соңғы бес жылдағы күрделі шығындарға барлық шығыстардың орта есеппен 14,2% (2023 жылы 22,1 трлн теңге) бағытталды.

Олардың ішінде 69 – ы дамуға бағытталған күрделі шығындарға (2023 жылы 3 трлн теңге), 22,3% – ы негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алуға (2023 жылы 1,1 трлн теңге), 8,7% - ы негізгі құралдарды күрделі жөндеуге (2023 жылы 323,8 млрд теңге) тиесілі болды.

Қорытынды

2019-2023 жылдардағы ҚР Мемлекеттік бюджетінің орындалуы ағымдағы шығындардың тұрақты өсуін (өсімнің орташа қарқыны жылына 17,6% -. құрады), сондай-ақ олардың жиынтық мемлекеттік шығыстар құрылымында үстемдігін көрсетеді. Бұл күрделі шығындарды ұлғайту мүмкіндіктерін шектейді.

"Жалпы алғанда, ағымдағы шығындар ағымдағы тұтынуды қолдайды, олар ұзақ мерзімді экономикалық өсу мен капиталды жинақтау түрінде ұзақ мерзімді табыс әкелмейді. Бұл ретте инновациялық және инвестициялық қызметті қамтамасыз ететін күрделі шығындардың пайдасына ағымдағы шығындарды қайта бөлу экономикалық өсуді бәсеңдете отырып, тұтынуға теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан күрделі шығыстардың өсуі үшін бюджеттің мұнай емес түсімдерінің нақты өсуі қажет", - деп атап өтті сарапшылар.

Бұған дейін

Жыл басынан бері елімізде 947 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 660 адам әшкереленген. Оның 104-і — әртүрлі деңгейдегі басшылар екені белгілі болған еді. 

Серіктес жаңалықтары