×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Тек балабақшалар емес: Астанада тағы кімдердің жұмысы тоқтайды

18.06.2024, 21:35
Тек балабақшалар емес: Астанада тағы кімдердің жұмысы тоқтайды
Ашық дереккөзден

Бұған дейін балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтайтыны белгілі болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды. 

“Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады,”- деп жазды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін

Астана қаласы Білім басқармасының мәлімдеуінше, Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейтіні белгілі болған

Саммитте не талқыланады

ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.

Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.