Республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Вечерняя Караганда» басылымының мәліметінше, 17 маусымда Максим Объедков үйінен шығып, сол күйі оралмаған.
Максим Объедковтың бойы — 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шығып кеткен.
«Вечерний Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.