×
479.23
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.23
534.96
5.16

«Субұрқаққа өзі түсіп кеткен» – министр Алматыдағы жас жігіттің өлімі жайлы

21.06.2024, 10:22
«Субұрқаққа өзі түсіп кеткен» – министр Алматыдағы жас жігіттің өлімі жайлы
KazNU

Мәжіліс кулуарында журналистер ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен Алматыдағы субұрқақта көз жұмған жас жігіттің өлімі жайлы сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нұрбек не дейді

– Бұл сағат 16.00-де болған оқиға. Ауа-райы өте ыстық болды. Тыйым салынған белгіге қарамастан, ол субұрқаққа, екі деңгейлі бөлігіне түсіп кеткен. Ол субұрқақта екі тостаған бар, ол ішке түсіп кеткен. Өлімнің себебі бүгін медициналық сараптама нәтижелері бойынша белгілі болуы керек. Алдын ала белгілісі – оның жүрегі тоқтап қалған немесе электр тоғы соққан, - дейді Саясат Нұрбек.

11-ші сынып оқушысы №185 мектепті бітірген. Қайғылы күні ол университетке ҰБТ тапсыруға келген. Бірақ Саясат Нұрбек айтқандай, электр қуаты ақауына  байланысты емтихандар тоқтатылғанын хабарлайды.

Сонымен қатар, министр болған оқиға үшін университет жауапты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

– Біз медициналық сараптама нәтижелерін күтуіміз керек. Мұнымен Бостандық ауданының полиция басқармасы айналысады. Содан кейін тұжырымдама болады. Абайсыздық немесе жазатайым оқиға ма – біз әлі білмейміз, – деп қорытындылады Нұрбек.

Жас жігіттің өлімі

20 маусымда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақтың жанынан жас жігіттің денесі табылды. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлаған.