×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда жылу электр станциялары қандай қаражат есебінен салынады

Қазақстанда жылу электр станциялары қандай қаражат есебінен салынады
Фото: Риддер әкімдігінің инстаграм парақшасынан

Парламент палаталарының бірлескен отырысында вице-премьер Роман Скляр Қазақстандағы жылу электр станциялар қандай қаражаттың есебінен салынатынын түсіндірді, хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, Көкшетау, Семей мен Өскеменде жаңа жылу электр станциялары, сондай-ақ, ГРЭС-2-нің үшінші энергетикалық блогы салынады. Осы жобалардың барлығы жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру есебінен, яғни, энергетикалық құрал-жабдықтарды шығаратын мемлекеттің тарапынан атқарылады.

Ол жерде Бірыңғай зейнетақы қорының қаражаты қарастырылмаған. Ал жаңа жылу электр станцияларының құрылысына жұмсалған ақша тарифпен қайтарылады, – деді вице-премьер.

Бұған дейін Үкімет Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 9 млрд теңге бөлгенін жазған болатынбыз.