×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтату керек – БҰҰ

21.06.2024, 22:27
Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтату керек – БҰҰ
Коллаж: ulysmedia.kz.

БҰҰ Израильге қару-жарақ жеткізетін компаниялар адамзатқа қарсы қылмыстары үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰҰ сарапшылары Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізетін компаниялар адамзатқа қарсы қылмыстарға араласып, геноцидке қатысқаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін деп мәлімдеді. БҰҰ-ның соңғы есебінде сарапшылардың пікірінше, делдалдар мен үшінші елдер арқылы жанама тасымалды қоса алғанда, нақты жауапкершілікке тартылуы мүмкін әлемдегі ең ірі қару-жарақ өндірушілерінің тізімі берілген.

БҰҰ сонымен қатар қару-жарақ саудасы мен тасымалдауды қаржыландыратын компанияларды жауапкершілікке шақырады.

Бұл мәлімдемелер Израиль мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейде шиеленісуіне ықпал етті. Ақ үйде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың АҚШ-тың қару-жарақ жеткізілімін кешіктіргені жайлы соңғы сөзіне "қатты ренжіп қалған".

Америкалық саясаткерлер мен дипломаттар Нетаньяхудың не жайында айтып отырғанын түсінбейді. Вашингтон бірде-бір ел Израильге Америка Құрама Штаттары сияқты қолдау көрсетпегенін атап өтті.

Израильдің Хамаспен соғысы сегізінші айға ұласуда. Осы уақыт ішінде 30 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Газа аймағының тас-талқаны шықты. Нетаньяху израильдіктерге ХАМАС тұтқынындағы әскери тұтқындарды босатамын, ХАМАС-ты жоямын деп уәде бергенімен, ол уәде іс жүзінде орындалмады. Палестинадағы жағдай адам шошырлық, бірақ олар өз егемендігін алуға күн сайын бір қадам жақындап келеді. Ал әлемдік қауымдастық Израильге соғысты тоқтат деген талап қоя бастады. Әлемдік державалардың талабы қандай сипатта – мұны Ulysmedia.kz анықтап көрген еді.