×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қазақстан полицейлері бүгін кәсіби мерекесін атап өтеді

23.06.2024, 11:29
Қазақстан полицейлері бүгін кәсіби мерекесін атап өтеді
Sputnik / Владислав Воднев

23 маусымда Қазақстанда полиция күні аталып өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың полиция күнімен құттықтады.

– Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер. Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек, – делінген құттықтауда.

Президент әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды екенін атап өтті.

– Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін. Әрдайым абырой биігінде болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін! – делінген құттықтауда.

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдаған болатын. Бұл Тәуелсіз Қазақстан Республикасы полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды. Ал 2007 жылы 5 маусым күні 23 маусым Полиция күні деп бекітілді.