×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Тараздағы жарылыс: оқиғаның себебі белгілі болды

23.06.2024, 12:23
скриншот

Тараз қаласының әкімдігі 22 маусым күні кешке қала аудандарының бірінде асфальт жабыны жарылысына не себеп болғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, жарылыс "Қарасу" шағын ауданының 26 үйінің кіреберісінде болған, содан кейін электр қуаты өшкен.

Коммуналдық қызметтер себептерін анықтау үшін қажетті жұмыстарды жүргізген. Жарылыс орнында газ құбыры өтпейтіні анықталды.

Қалалық әкімдікте жарылыстың себебі істен шыққан жоғары вольтты жерасты кабелі екені айтылады.

– Апаттық ажырату кезінде ұяшық автоматты түрде өшіп, жер асты кабелі электр қуатынан ажыратылған. Бұл 110/6 кВ кабель оқиға болған жерден өтеді. Сағат 22:47-де жарықсыз қалған 10 шағын ауданда электр қуатын резерв желілері арқылы берілді, - делінген хабарламада.

Жер асты кабелі ажыратылып, қауіпсіз күйге келтірілген. Орнында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

22 маусым күні кешке Тараздағы бесінші шағын ауданда жарылыс болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерге тарады.. Кадрларда бір сәтте көшеде жарылыс болып жатқанын көруге болады, жан-жағында адамдар қаша бастайды. Жамбыл облысы ТЖД-да жарылыс жер астында, бесінші шағын ауданда, №26 үйдің жанында болғанын хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары