Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday атты ХХІ халықаралық онлайн шахмат турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы FIDE халықаралық шахмат федерациясы мәлімдеді.
2024 жылы Халықаралық шахмат федерациясы өзінің 100 жылдығын атап өтеді және осы осы оқиғаға арналған көптеген іс-шаралардың бірі - апта сайынғы Swiss Queens онлайн турнирлерінің сериясы. Биылғы жұлдызды бәсекенің жеңімпазы қазақстандық шахматшы, шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы (2021, 2022 ж) Бибісара Асаубаева 11 ұпайдан 9,5 ұпай жинап, қарсыластарынан бір ұпайға озып кетті, – делінген жазбада.
Ресейлік шахматшылар Анастасия Боднарук пен Валентина Гунина сәйкесінше екінші және үшінші орындарға ие болды.