×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

«70% ЕАЭО-дан»: Қазақстанға сапасыз әрі арзан тамақ өнімдері көп кіріп жатыр

24.06.2024, 11:30
Фото: Ашық дереккөзден

Бір ғана сүт өнімдерінің төрттен бір бөлігі сапаға сай болмай шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат не дейді

Депутат Серік Егізбаев бүгін Мәжілісте ең алдымен, сапасыз әрі арзан тамақ өнімдері импорты өсіп бара жатқанын айтады. Мәселен, анықталған әрі сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 70% Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттеріне тиесілі. Ең көп кездесетін, сапа сәйкессіздіктері – сүт өнімдеріннен (28%) анықталған.

«Сұр» сертификат

Сондай-ақ өзекті болып табылатын «сұр» сертификаттардың проблемасы да бар. 

– Бұдан басқа, қазақстандық сауда желілерінде отандық өндірушілерге бәсекелестік үшін теңсіздік жағдайлар да көп кездеседі, оларды ретробонустарды төлеуге мәжбүр етеді, сатылған өнім үшін төлемді кешіктіреді, – дейді депутат.

Ұсыныстар

Депутаттар осыған байланысты мынадай ұсыныс айтады.

  • шекара маңындағы бекеттерде ветеринариялық бақылауды және зертханалық жарақтандыруды күшейту;
  • тамақ өнімдеріне сәйкестік сертификаттарын сынақ зертханаларын беру кезінде сәйкестікті растау жөніндегі органдардың жауапкершілігін арттыру;
  • отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау бөлігінде сауда желілерінің қызметін заңнамалық тұрғыдан реттеу.

Импорт және тағы да импорт

Парламент Мәжілісінде аграрлық саланың өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Төменгі палатаның аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың айтуынша, елде, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі төмен. Оның сөзінше, 2023 жылы сүтті өңдеу үлесі 33%, етті өңдеу 41%, жүнді өңдеу 19%, ірі қара мал терісін өңдеу үлесі 6% құраған. Сонымен бірге дайын өнімнің импорты өсіп келеді: 2023 жылы сүт өнімдері бойынша өсім 400 млн АҚШ долларын құрайтын 20%-дан асты, ал ет пен ет өнімдерінің импорты 408 млн АҚШ долларын құрады.

Серіктес жаңалықтары