×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қытай тарихта бірінші болып айдың арғы жағынан топырақ үлгісін жерге жеткізді

25.06.2024, 14:38
Қытай тарихта бірінші болып айдың арғы жағынан топырақ үлгісін жерге жеткізді

Қытайдың "Чанъэ-6" ай зонды адамзат тарихында алғаш рет айдың арғы жағынан жерге топырақ үлгілерін жеткіздін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы CCTV-ға сілтеме жасап.

Бейжің уақыты бойынша сағат 13:41 шамасында аппарат Атлант мұхитының үстіндегі жер атмосферасына кірді. Содан кейін ол Үнді мұхитының үстіндегі атмосферадан "секіріп", екінші тежеуді жасаған. Жерден шамамен 10 шақырым биіктікте "Чанъэ-6" парашютті ашып, тежеуді аяқтаған. Жер капсуласы автономды аймаққа – Ішкі Моңғолияның Сыцзыванци өңіріне қонды. Енді айдың топырағы Бейжіңге жеткізіледі.

"Чанъэ-6" айдың бетіне 2 маусымда жеткен. Ол оңтүстік полюс – Эйткен бассейнінде екі күн бойы роботты қол мен арнайы құрылғы көмегімен топырақ үлгілерін жинаған. Бұл айдағы ең үлкен кратер. 4 маусымда аппарат ұшып бері ұшып кетті. 

2020 жылы Қытай "Чанъэ-5" зондын іске қосқан. "Чанъэ-5" миссиясы айдың бетіне тереңдігі 2 м дейінгі ұңғыманы бұрғылап, зерттеу үшін шамамен 2 келі топырақ ала келді.