×
489.39
567.5
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.5
6.69

Қытайлар Түркістан тауларында Куршавель секілді қала салмақ

Бүгін, 18:22
Қытайлар Түркістан тауларында Куршавель секілді қала салмақ
Фото: gov.kz

Әлемдегі ең ірі құрылыс корпорацияларының бірі China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) Түркістан облысы аумағында тау-курортты қалашық салуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жоба іске асқан жағдайда Қасқасу Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы ең тартымды туристік орталықтардың біріне айналуы мүмкін. Жоспар бойынша теңіз деңгейінен шамамен 3200 метр биіктікте экологиялық талаптарға сай демалыс аймағы салынады. Курорт аумағында ерекше дизайндағы қонақүйлер, отбасылық демалыс орындары, спорттық және ойын-сауық кешендері, сондай-ақ бизнеске арналған нысандар болады.

Жобаның негізгі ерекшелігі — құрылыс кезінде табиғатқа зиян келтірмейтін, экологиялық таза материалдар мен технологияларды қолдану. Нысандарды салуда тас, ағаш және табиғи ортаға үйлесетін материалдар пайдаланылмақ.

Курорт бірнеше функционалды аймақтан тұрады және жыл бойы жұмыс істейтін инфрақұрылымға ие болады. Туристерге ыңғайлы болу үшін аспалы жолдар салынып, негізгі демалыс орындары бір-бірімен байланыстырылады.

Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында шамамен 3 миллион текше метрлік су жинау жүйесі қарастырылған. Қар мен мұз сулары жиналып, демалыс аймақтарында пайдаланылмақ.

Барлық қызметтерді басқаруда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект жүйелері қолданылады. Олар қауіпсіздік, туристер ағынын реттеу және қызмет сапасын арттыруға көмектеседі.

“Сарапшылар бұл жобаны әлемге әйгілі Куршевель курортымен салыстырып отыр. Дегенмен, Қасқасудағы жобаның басты артықшылығы — табиғатпен үйлесімділік пен ұлттық ерекшелікті сақтау. Құрылыс кезеңінде және нысан пайдалануға берілгеннен кейін 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қасқасу өңірдің және жалпы елдің маңызды туристік орталықтарының біріне айналуы мүмкін”, – делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары