×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады

25.06.2024, 18:16
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана

26 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы.

27 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 33-35 градус жылы.

28 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 34-36 градус жылы.

Алматы

26 маусымда мегаполисте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус жылы.

27-28 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Жел 3-8, екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 35-37 градус жылы.

Серіктес жаңалықтары