×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Британияның үздік оқу орны Астанада грантқа өтінім қабылдай бастады

25.06.2024, 19:08

Британияның үздік оқу орны – Ardingly Astana мектебінің филиалы грантқа өтінімдер қабылдай бастағанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Грант не үшін беріледі

Гранттар Кэмбридж оқу бағдарламасына сай, 4-6 сыныпқа түсетін 8-10 жас аралығындағы оқушыларға ерекше академиялық жетістіктері мен спорт және шығармашылықтағы үздік нәтижелері үшін беріледі. Өтінімдер 2024 жылдың 12 шілдесіне дейін қабылданады.

Ardingly Astana мектебі дарынды және оқу үлгерімі үздік балаларға арнап, оқу бағдарламасының толық құнын өтейтін гранттар қарастырған. Бұл - оқуда, шығармашылықта және спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізген үміткерлер үшін Астана қаласындағы жетекші британдық мектеп филиалында білім алудың бірегей мүмкіндігі.

Қандай жағдайда грант ұсынылады

Гранттар жыл сайын беріледі. Осылайша, жоғары академиялық нәтижелер бойынша грант, оқушының оқу үлгерімі жайлы есептері мен сынақ қорытындыларына сай тағайындалады. Музыка саласында грант беру шешімі тыңдау және өтінімдерді қарау негізінде қабылданады. Сондай-ақ, би, спорт сияқты салаларда ерекше дарындылығымен көзге түскен балаларға гранттар өтінімді сараптау нәтижесінде және тиісті пәндер бойынша үздік жетістіктерін растаған жағдайда ұсынылады.

«Бұл шешім мектептің инклюзивті білім беру принциптеріне бейілділігін растайды. Мектептің басты міндеті - дарынды  студенттерді анықтауға және ынталандыруға, салауатты бәсекелестікті дамытуға, мектептен тыс уақытта қажет дағдылар мен шеберлікті қалыптастыруға және жетілдіруге негізделген», - дейді Ardingly Astana директоры Даррен Джонс.

Неше кезеңнен өту керек

Грант тағайындау байқауы 5 кезеңнен тұрады: грантқа үміткерлердің ата-аналары/қамқоршылары 2024 жылдың 12 шілдесінен кешіктірмей, өтінімді толтырып, барлық қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына ұсынады. Әрі қарай, үміткерлер тестілеу сынағынан өтеді және олардың дағдылары бағаланады. Алдын-ала тізімге іліккен үміткерлермен мектеп директоры сұхбат жүргізеді. Тестілеу қорытындысы бойынша, үміткерлердің ата-аналарына/қамқоршыларына қаралған өтінім нәтижелері жайлы хабарланып, келісімдерге қол қойылады.

Өтінімдер admissions@ardingly.edu.kz электрондық поштасы, сондай-ақ, Қабанбай батыр даңғылы, 15/1, «Q2» бизнес орталығы, 2-қабат мекен-жайында орналасқан Ardingly Astana мектебінің құжат қабылдау бөлімінде қабылданады.

Ardingly Astana

1858 жылы құрылған Ұлыбританиядағы Ardingly College беделді дербес мектебінің алғашқы қазақстандық филиалы. Ол Кембридж оқу бағдарламасы бойынша білім береді. Мектеп жаһандық көзқарас пен мәдени өзін-өзі танудың синергетикасы негізінде қызмет көрсетеді.

Ardingly College

Ұлыбританиядағы ең үздік мектеп-пансиондардың бірі ретінде танылған оқу орыны. Халықаралық бакалавриат (IB) емтихандарының қорытындылары бойынша, Ұлыбританиядағы ең үздік 10 мектептің, дүние жүзіндегі үздік 20 мектептің, ал A-level емтихандары нәтижелеріне сай, британиялық ең үздік 50 дербес мектеп қатарында.  Мектеп түлектері жыл сайын University of Cambridge, University of Oxford, Айви Лигасы университеттері секілді әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына түсуде.

Серіктес жаңалықтары