×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

Ата-аналарды қолдау орталығы. Бұл не үшін керек

26.06.2024, 00:05
Әлеуметтік желіден

Қазақстанда барлық мектептің жанында ата-аналарды қолдау орталықтары ашылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

Оның айтуынша, бұл бағдарлама ата-аналар, балалар мен педагогтар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін жүргізілуде. 

«Осы бағдарламаның аясында ата-аналарды қолдау орталықтары барлық 7 жарым мың мектептің жанынан ашылды. Бұл орталықтың мақсаты не? Қандай да бір ата-анаға өзіндік бір педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында ашылған. Және де педагогтар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты барынша нығайту», – деді спикер. 

Жоба бір жыл бұрын іске қосылған. Бұл орталықтарда даналық мектебі, жеңгелер мектебі, аналар мен әелер мектебі жұмыс жасап жатыр.

Бұған дейін

Сарапшылар қазақстандық жұмыс берушілерін сайттарын бақылап, жасөспірімдер үшін қандай жұмыстар бар екендігіне шолу жасаған еді.

Серіктес жаңалықтары