×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Жеребе тартқанда үкім басқаша болар еді»: Бишімбаевтың апелляция сотында не айтылып жатыр

26.06.2024, 11:16
«Жеребе тартқанда үкім басқаша болар еді»: Бишімбаевтың апелляция сотында не айтылып жатыр
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысқан інісі Бақытжан Байжановың апелляция сатысындағы сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотталған Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқа билер құрамын бекіту кезінде "заң бұзылған" деп мәлімдеді.

Ғазымжанов үкімді өзгерту және жою мүмкін екенін атап өтеді, өйткені бірінші сатыдағы сот “20 мәрте заңбұзушылыққа жол берді” деп есептейді. Атап айтқанда, ол бірнеше сатыда өтетін алқа билерді іріктеу рәсімін еске алды.

– Судья өткізбеген төртінші кезең – жеребе тастау. Төртінші кезеңде біз дәл 17 үміткерді таңдауымыз керек еді. Ол кезде бізде 21 үміткер болды. Заңда нақты жазылған: егер 17-ден астам кандидат қалса, төрағалық етуші отырысқа қатысқандардың санын жариялайды, содан кейін олардың тегі көрсетілген билеттерді формаға түсіреді. Формада 17 үміткер қалуы үшін бірнеше билетті араластырып, шығарады, – деп түсіндірді адвокат. 

Алайда оның айтуынша судья Айжан Құлбаева жеке шешімімен балалары бар кандидаттарды – сотталушылардың балаларымен жасты ұлдары барларды анықтай бастаған.

– Егер төреші жеребе тастаса, біреу негізгі құрамға кіре алар еді. Ол кезде үкім басқаша болар еді, - деп есептейді Ғазымжанов. 

Қорғаушы бұзл заңбұзушылық үкімнің күшін жоюға негіз бола алады деп есептейді.

– Алғашқы сот отырысынан бастап судья айыптау тарапына тиімсіз кандидаттарды алып тастауға көмектесті. Құрам сотталушылардың әділ үкім шығару мүмкіндігі аз болатындай етіп жиналды, - деп атап өтті Ерлан Ғазымжанов. 

Адвокат тергеу органы қылмыстық істің барлық материалдарын сотқа жібермес бұрын қорғаушы тарапқа беруге міндетті екенін айтдаы. Алайда Бишімбаевтың телефоны мөрленіп, қорғаушыларға оны тергеу сатысында зерттеуге рұқсат етілмеген.

– Бірақ соны бізге жоқ дегенде сот сатысында берсе ғой. Біз бұрын таныспаған телефонды сотта зерттей алмаймыз. Біз сотта кенет туындаған жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр болдық. Біз оны жоққа шығару үшін немесе керісінше, оны қорғау үшін қолдануға дайын болуымыз керек еді. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырудан заңсыз бас тартты, - деп қорытындылады ол. 

Сонымен бірге адвокат сот-медсарапшы Халимназаровтың қорытындысына күмән келтіреді.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.