×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Есімі Ару. Әйгілі iOS жүйесінде қазақша диктор пайда болды

28.06.2024, 23:20
Есімі Ару. Әйгілі iOS жүйесінде қазақша диктор пайда болды
Ашық дереккөзден

Apple қазақ тілді  iOS дикторын қосты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Apple iOS операциялық жүйесінің 18-ші бета нұсқасында қазақ тілді экрандық дикторды таныстырды. Енді көру қабілеті шектеулі пайдаланушылар Ару есімді диктордың арқасында қазақ тіліндегі кез келген ақпаратты тыңдай алады.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Экрандық диктор voiceover қосымшасына енгізілген және табиғи қазақ тіліндегі мәтіндерді дауыстайды. Бұрын iOS амалдық жүйесінде мұндай функция болмаған.

Қазақ тілін қолдайтын iOS ресми шығарылымы 2024 жылдың күзіне жоспарланған.

Бұған дейін Ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Windows және Android платформаларына арналған баяндауыш әзірленді.