Заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Шекеевтің айтуынша, іс оның қоғамдық қызметіне байланысты. Заңгер өзіне тағылып отырған айыптармен келіспейтінін және өз ұстанымын заң аясында қорғайтынын жеткізді.
Әзірше істің нақты мән-жайы мен құқықтық негіздеріне қатысты құзырлы органдардың толық түсіндірмесі жарияланған жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты Шекеевтің мәлімдемесі тараптардың бірінің позициясы екенін ескерген жөн.
Істің заңдылығы мен оған қатысты түпкілікті құқықтық бағаны тергеу органдары мен сот береді.
Редакция мәселенің барлық тарапына сөз беруге және істің қозғалу себептері мен Шекеевтің процессуалдық мәртебесін нақтылау үшін құзырлы органдарға сауал жолдады.
Мейірман Шекеев кім?
Мейірман Шекеев — заңгер, адвокат, қоғам белсендісі. Ол кейінгі жылдары қоғамда резонанс тудырған бірқатар істерге қатысып, жәбірленушілердің мүддесін қорғаған. Атап айтқанда, Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тараптың өкілі болды.