×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Қазақстан мен АҚШ қарусыздану саласында ынтымақтастықты нығайтып жатыр

29.06.2024, 08:59
ҚР СІМ

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Еран Әлімбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Мэллори Стюартпен БҰҰ Женева алаңында қарусыздану және таратпау саласындағы алдағы іс-шараларды талқылау бағытында кездесуі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тараптар қарусыздану жөніндегі конференцияда қазіргі ахуалды бағалау пікірлерімен алмасты. Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің төрағалығымен Женевада 2024 жылғы 22 шілде – 2 тамызға жоспарланған Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушылардың шолу конференциясының дайындық комитетінің екінші сессиясы қарсаңында екі елдің басымдықтарын талқылады.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың әскери салада жасанды интеллектті қолдану, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда пайдалану, экспорттық бақылау, ядролық сынақтар құрбандарына көмек көрсету және биологиялық қауіпсіздік саласындағы бастамаларын ілгерілету, оның ішінде БҰҰ шеңберінде биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын пысықтау мәселелері қозғалды.

Қорытынды бойынша әңгімелесушілер Женева, Нью-Йорк, Астана және Вашингтонда диалог пен консультацияны жалғастыруға, сондай-ақ практикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін Дайындық комитетінің басқа қатысушыларымен сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге келісті.

Серіктес жаңалықтары