×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АЭС бойынша жария талқылау 5 шілдеде басталады

29.06.2024, 12:26
АЭС бойынша жария талқылау 5 шілдеде басталады
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария тыңдау шілде айының басында Қарағандыда өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпаратты Қарағанды облысының әкімдігі таратты. Жария талқылауға атом саласының сарапшылары қатысады.

– Жария талқылау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтар қоя алады, — делінген хабарламада.

Жария талқылауды өткізу орны: Қарағанды қ аласы Шахтерлер даңғылы 64. "Қоғамдық келісім" КММ ғимараты. Күні мен уақыты: 2024 жылдың 5 шілдесі сағат 15:00.

АЭС-ті қай мемлекет салады

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ, жуық арада түсе де қоймайтыны анық. Әуелі АЭС құрылысы жайлы сөз болғанда жұртшылықтан қолдаудан гөрі қарсылық көп болған. Үлкен ауылындағы бір тыңдаудан кейін билік те референдум өткізбей, шешім қабылдау қиын екенін түсінсе керек. Тоқаев "референдум өтеді" дегелі алты ай өтіп кетті. Оның өтер күні әлі белгіленген жоқ.

Ulysmedia.kz тілшісі осы тақырыпта Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы Тимур Жантикинді сөзге тартып көрген еді.