Азаматтық авиация комитеті Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізуге байланысты Астана қаласының әуежайындағы шектеулер болатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Комитеттің хабарлауынша, 28 маусымнан бастап Астана қаласының әуежайындағы рейстердің кешіккен. Бұл 3-4 шілдеге жоспарланған Шанхай ұйымының саммитіне дайындық шеңберіндегі Қазақстан Қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне орай Астана қаласының әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуымен байланысты орын алып отыр.
Дайындық мақсатындағы рейстер 30 маусымға дейін сағат 09.25-тен 10.20-ға дейін орындалады.
- Осыған орай орын алып отырған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушыларға осы уақыт аралығында әуе компанияларынан ұшу уақытын алдын ала нақтылап алу ұсынылады, – делінген хабарламада.
Бұған дейін әуе компаниялары мен Қорғаныс министрлігі жолаушыларды алдын ала хабардар етіп, sms хабарламалар мен электрондық хаттарды жіберген.
Сонымен бірге әуе кеңістігінің уақытша жабылуына орай болып жатқан кідірістер басқа қалаларда, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларындағы рейстердің кешігуіне әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткен жөн.