29 маусымда Алматыда Айгүл Сайлыбаевтың жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Қостанай News" - ке сілтеме жасай отырып.
Жерлеу рәсімі туралы марқұмның ағасы хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Қанат Майлыбаев Германияда әпкесінің жоғалып кеткенін хабарлады. Айгүл Сайлыбаева Астана қаласының Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы және "Болашақ" бағдарламасының түлегі.
Оқиғаның мән-жайы
Германияда 2024 жылдың жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаевты іздеу жарияланғанын бұған дейін хабарлаған едік.
Бұл жайлы Podslushano.de Instagram парақшасынан ақпарат тарады.
Айгүл Сайлыбаева 35 Tannbergstraße, Bensheim мекен-жайындағы үйінен кеткен. Содан бері одан хабар-ошар жоқ. Сайлыбаеваның телефоны өшірілген, ал хабарламалар жетпейді. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 маусымында Берлин уақытымен сағат 10:35-те хабарласқан.
Instagram-дағы жарияланымда Айгүлдің күйеуі Александр Донцов пен қайыненесі тарапынан зорлық-зомбылық ұшырауы мүмкін екені айтылады. Ол бұл мәселесін достарына бірнеше рет айтқан. Сайлыбаеваның үш жасар, неміс азаматы Жаклин атты кішкентай қызы бар. Туыстары Айгүлдің ешбір жағдайда қызын тастап кетпес еді дейді.
Bild басылымы таратқан мәлімет бойынша, Айгүл Сайлыбаеваның денесі Бенсхайм қаласының шетінен табылған.
"Мәйіт пластикалық қапта болды, әйел қайтыс болғанға дейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші бұл істе жұмыс істеп жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді", - деп жазды басылым.
Министрлік марқұмның туыстары Германияда екенін және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.