×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Қырғызстандағы сел: ел астанасына нөсер жауын келе жатыр

30.06.2024, 11:50
sputnik.kg

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласы мен Чуй облысында дауылды және нөсер жауынды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласы мен Чуй облысы аумағында күшті дауыл тұрып, нөсер жауын жауады деп күтіліп отыр. 

Қырғызстан ТЖМ хабарлауынша, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Көрші елдің астанасы мен Чуй облысы Жамбыл облысының Қордай және Меркі аудандарымен шекаралас жатқандықтан, отандастарымызды да сақ болуға шақырамыз. 

Еске сала кетсек, кеше Қырғызстанның Ош облысында болған селдің саладарынан сегіз адам қаза тапқанын және олардың арасында екі отандасымыздың бар екенін хабарлағанбыз. Ал екі қазақстандық әлі іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары