×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейдің әрекеті ЕҚЫҰ-да украин халқының геноциді деп танылды

30.06.2024, 14:42
Ресейдің әрекеті ЕҚЫҰ-да украин халқының геноциді деп танылды
osce.org

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясы (ЕҚЫҰ ПА) Ресей Федерациясының әрекетін украин халқының геноциді деп тану туралы қарар қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы парламенттік делегация мүшесі Павел Фролов хабарлады.

«Бухаресттегі жазғы сессияның ашылу күні ЕҚЫҰ ПА Ресей Федерациясының Украинаға қарсы 10 жылдық қарулы агрессиясын айыптай отырып, Ресейдің әскери-саяси басшылығының және оның қарулы күштерінің ауқымды басқыншылық кезіндегі әрекетін украин халқының геноциді деп санайтын қарар қабылдады», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар құжат ЕҚЫҰ-ның барлық елдерін Қырымды басқыншылықтан азат етуге күш салуға, сондай-ақ Ресейдің сұйылтылған газын Еуропалық Одаққа әкелуге, қайта экспорттауға және ЕО порттары арқылы тасымалдауға тыйым салуға шақырады.

Ал Ресейдегі биылғы президент сайлауы жалған деп танылып, елдің бүкіл сайлау жүйесінің заңдылығына нұқсан келтіріп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Үлкен жетілік» елдерінің басшылары Украинаға жыл соңына дейін Ресейдің тыйым салынған активтерінен түсетін кіріспен кепілдендіру арқылы 50 миллиард доллар несие беруге келісті.