×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

Қызылорда облысында учаскелік инспекторды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бүгін, 16:50
Қызылорда облысында учаскелік инспекторды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Видео кадры

Қызылорда облысында учаскелік инспектордың өліміне қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы ер адам қамауға алынды. Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға жанжалдан кейін болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Полиция қызметкерінің денесі 1 қыркүйекте табылған. Денеде зорлық белгілері көрінеді.

Оқиға кезінде учаскелік инспектор жыл сайынғы еңбек демалысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Кикілжің кезінде полицей ауыр жарақат алып, жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.

Күдікті табылды

Құқық қорғау органдары күдіктінің кім екенін анықтап, оны іздеуге кіріскен.

Күдікті Арал ауданының тұрғыны болып шықты.

Ұсталғаннан кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды.

Істің тергелу барысын Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды.

Әзірге істің өзге мән-жайы жарияланған жоқ.