Қоғамдық көлікте жол ақысын өсіруге байланысты қаулының тиісті жобасын Алматы әкімдігі жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ашық НҚА порталында Алматы әкімдігінің қоғамдық көлікте жол жүру бағасына қатысты қаулысының жобасы жарияланды. Қалалық мобильділік басқармасында мұны бөлінетін субсидиялар көлемінің өсімімен түсіндіреді.
Мысалы, былтыр шамамен 69 млрд теңге бөлін. Биыл 97 млрд теңге бөлінеді деп болжанған.
Толығырақ
Қолданыстағы тариф автобустарды сатып алуға, жаңартуға және уақтылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізушілердің жалақысын көтеруге арналған шығындарды өтемейді деп бірнеше рет мәлімдеген тасымалдаушылардың шағымдарына назар аударылғаны аталып өтеді.
– Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту үшін қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу жөнінде қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50% құрайды, - делінген хабарламада.
Жол ақысы
Айта кетейік, былтыр Алматыда автобустармен жүру тарифі 2012 жылдан бері өзгерген жоқ. Содан кейін ол қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 80 теңге деңгейінде белгіленді.2017 жылдан бастап қолма-қол ақшамен төлеген кезде жол жүру құны 150 теңге мөлшерінде белгіленді. 2023 жылдың тамызында тариф көтерілді.