×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрін қызметінен босатты

Бүгін, 09:12
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ulysmedia.kz коллажы

Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қызметінен босатты. Тиісті Жарлықты Ақорда жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл шешім Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиғадан бірнеше күн өткен соң қабылданды. Оқиғадан кейін қоғамда қорғаныс министрінің отставкаға кетуін талап еткендер болды.

Еске салайық, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде болды. Ауа райы күрт бұзылып, қатты жел мен толқын салдарынан 17 әскери қызметшіқ суға кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 адам қаза тапты.

Қазір тергеу барысында оқу-жаттығудың неліктен дер кезінде тоқтатылмағаны анықталып жатыр. Сондай-ақ, қолайсыз ауа райына қарамастан жаттығуды жалғастыруға не себеп болғаны тексеріліп жатыр.

Бес офицер ұсталды

Қайғылы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары басшылық қызмет атқарған бес әскери қызметшіні ұстады.

Олардың арасында Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі және катер командирі бар.

Тергеу әскери қызмет міндеттерін тиісінше орындамау және ауыр зардаптарға әкеп соққан кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша жүргізіліп жатыр.

Қайғылы оқиғадан кейін министрдің отставкасы талап етілді

Жас әскери қызметшілердің қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары оқу-жаттығу кезінде сарбаздардың қауіпсіздігіне кім жауапты болғанын түсіндіруді талап етті.

Сондай-ақ, бірқатар қазақстандық Қорғаныс министрлігі басшылығын қызметінен босатуға шақырды.