Әділет министрлігі таяуда Қазақстанның сот практикасына сексологиялық сараптама енгізілетінін хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрлік өкілі не дейді
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, Қазақстанда сот-сараптамасының «Сот-сексологиялық сараптама» деген жаңа түрі енгізіледі.
Ол не
Халықаралық тәжірибені талдай келе соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуына байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі «Сот-сексологиялық сараптаманы» енгізу бойынша жұмыстарды бастаған. Яғни қарапайым тілмен айтқанда сараптама тексерілушінің жыныстық/психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқтығы, ауытқулар байқалса, олар не білдіреді? Педофилдерді анықтау, тексерілушіге “химиялық кастрация қажет пе жоқ па?” деген сұрақтарға жауап береді.
Осы жобаны іске асыру мақсатында Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусь Республикасында оқудан өтті. Қазіргі уақытта «Сот-сексологиялық сараптама» түрі бойынша әдістеме әзірленуде.