Елордада 2-4 шілде аралығында ШЫҰ саммитін өткізу кезеңінде террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі енгізіледі, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Мұндай деңгейдің енгізілуі, соның ішінде жекелеген аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеулер енгізуді білдіреді.
Сондықтан 2-4 шілде аралығында Мәңгілік ел даңғылы, Достық, Түркістан, Қонаев және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің жанындағы автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады.
Бұл ретте көліктерді аулалардың ішінде немесе жоғарыда белгіленген көшелерге параллельді/іргелес қоюға тыйым салынбайды.
Сондай-ақ бұл күндері қоғамдық көліктер осы көшелер бойымен жүрмейді. Тұрғындарға"CTS" әлеуметтік желілерінде жариялап, балама маршруттар ұсынылады.
Бұған дейін
2 шілдеден бастап Астанада біршама көшеде қозғалыс шектелетінін хабарлаған едік.
Алдағы Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитіне дайындыққа байланысты Астанадағы бірнеше көшедегі қозғалыс жабылады.
2-4 шілде аралығында нақты қай көшелерде қозғалыс шектеледі:
04:00-18:00 – Б.Момышұлы даңғылы бойынш – Елім-Ай көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі екі жолақ жартылай жабылады;
04:00-18:00 – Байтұрсынұлы көшесі бойынша – Тәуелсіздік даңғылына дейінгі екі жолақ жартылай жабылады;
04:00-11:00 – Тәуелсіздік даңғылынан Нәжімеденов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін жартылай жабылады;
04:00-11:00 - Нәжімеденов көшесінен – "Арыс" көпірі арқылы Қалдаяқов көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылына Достық көшесіне шығатын көпірден оңға бұрылыс, Ақорда алдындағы алаңға оңға бұрылыс. Бұдан әрі алаңның айналасындағы шеңбер және Әлихан Бөкейхан көшесіндегі "Арыс" көпірінің астындағы ОКЗ бойымен шығады;