Қазақстанда Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құрылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өкім
Премьер-министр Олжас Бектеновтың өкімімен Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы базасында жүзеге асырады.
Орталық немен айналысады
Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық туралы ереже Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықтың міндеттерін, функционалдық қызметін және ұйымдық құрылымын айқындайды. ИҚҰО инвестициялық қызметтің ұйымдық құрылымын жақсарту мақсатында құрылады. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
– Үкімет аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі меңгерушісінің Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес хатшылығының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары ИҚҰО басшысының орынбасары болып табылады, – делінген ережеде.
ИҚҰО міндеттері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарын ИҚҰО жұмысының нәтижелері туралы тоқсанына бір реттен сиретпей хабардар етіп тұрады.