×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада әуе рейстеріне байланысты колл-орталықтар ашылды

02.07.2024, 19:25
Астанада әуе рейстеріне байланысты колл-орталықтар ашылды
Әлеуметтік желіден

Астанада  әуе рейстерінің кестесі уақытша өзгеруіне байланысты  колл-орталықтар іске қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл Астанада өткен Шанхай Ынтымастастық Ұйымының саммтиіне байланысты шаралармен байланысты. 

Астана әуежайында әуе кеңістігінің жоғары жүктемесіне байланысты 2-4 шілде аралығындағы кезеңге белгілі бір рейстер кестесі өзгергереді. ҚР отандық авиакомпаниялары мен әуежайларына жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда ақпаратты уақтылы ұсыну бойынша ұсынымдар берілді" – деп хабарланды.

Бұл күндері тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді..

Рейстің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін жолаушыларға келесі нөмірлерге хабарласу ұсынылады:

Air Astana – 8 (727) 244-44-77, +7 (7172) 58-44-77, +7 (702) 702-44-77;
FlyArystan – 7 (727) 331-10-10 (WhatsApp – 8 (702) 702-02-27);
SCAT – 8 (7252) 99-88-80;
Qazaq Air – 7 (727) 356-14-14;
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі-8 (7172) 79-82-13.

Бұған дейін

Астанада 30-дан астам автобус бағыты қозғалыс сызбасын уақытша өзгеретінін хабарлаған едік.

Мәселен, 3 және 4 шілдеде келесі автобустардың бағыты өзгертіледі: №10, 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 27, 28, 29, 29А, 30, 32, 35, 40, 42, 43, 46, 47, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 60, 61, 70, 84, 121, 201. 

Және 3-4 шілдеде Астанада мектепке дейінгі мекемелер де жұмыс істемейтіні белгілі болды.

ШЫҰ саммитіне Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түрікменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ұйымның Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысады.