×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

«Батасын берді»: Димаш Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен қалай танысқанын айтты

02.07.2024, 20:25
Ашық дереккөзден

Белгілі қазақстандық өнер жұлдызы Димаш Құдайберген қытайлық CGTN телеарнасындағы бағдарламаға қатысып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Димаштың Қытай көшбасшысымен алғашқы кездесуі Сианда "Орталық Азия – Қытай" саммитінде өтті. 

"Концерттен бірнеше апта бұрын маған қоңырау шалып, сол жерге шақырылғаным есімде. Мен бұған қуандым. Егер менің шығармашылығым мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың нығаюына қандай да бір түрде ықпал ете алса,мен әрқашан қуаныштымын және әрқашан сөйлеуге дайынмын. Мен президенттердің ауыртпалығы қиын екенін білемін,”- деді Димаш Құдайберген.

Ол Қытай төрағасының алдында екі ән орындаған.  Бірінші ән – қытай тілінде, екіншісі – қазақ тілінде. 

“Мен оның өте терең адам екенін бірден байқадым. Ол әннің не туралы екенін түсінуге тырысады, бұл маңызды. Жалпы, оның жоғары мәдениетті адам екенін бірден байқауға болады,"- деді Димаш.. 

Орындаушының айтуынша, ол алғаш рет Си Цзиньпин мырзамен 2017 жылы "I am a Singer" жобасынан оралғаннан кейін танысқан. 

"Мен ән салғаннан кейін ол маған келіп, мен туралы және жалпы менің шығармашылығым, Қытайдағы көтерілуім туралы өз пікірін айтқаны есімде. Ол бата берді және менің шығармашылығымның жанкүйері екенін және оның әйелі де менің шығармашылығымды бақылап отырғанын мойындады. Мен, әрине, қуандым. Әрі жауапкершілікті сезіндім,"- дейді әнші. 

Әншінің айтуынша, оның міндеті-бейбітшілік, махаббат, өзара түсіністік, достық туралы ән айту. 

Серіктес жаңалықтары