×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Британияда алғаш рет иттен коронавирус анықталды

13.11.2021, 11:31
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі мұндай жағдайлар өте сирек болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

bbc.com-ның мәліметінше, иттер, мысықтар және өзге де үй жануарларының өз иелеріне вирус жұқтыра алатынына қатысты нақты дәлелдер жоқ.

Ит пен мысық ұстайтындарға қолдарын жиі жуу туралы кеңес айтылды.

Британияның бас ветеринары Кристин Миддлмисс аталған ит мүлде басқа себеппен емделді және қазіргі уақытта жазылды.

«Иттер өте сирек жағдайда коронавируспен ауырады және бірнеше күннен кейін жазылып кетеді», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Сингапурдегі зообақтағы екі арыстаннан коронавирус анықталған болатын.

Серіктес жаңалықтары