×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Вячеслав Кимнің әйелі Қаңтар оқиғасынан кейін Лондонда £25 миллионға пәтер сатып алған

03.07.2024, 13:13
Вячеслав Кимнің әйелі Қаңтар оқиғасынан кейін Лондонда £25 миллионға пәтер сатып алған
Коллаж Ulysmedia

Лондонда жылжымайтын мүлік сатып алу жөніндегі мәмілені Татьяна Ким 2022 жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін көп ұзамай жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін көп ұзамай Kaspi Group компаниясының иесінің бірі Вячеслав Кимнің әйелі Татьяна Лондонда жалпы құны £25,7 млн болатын екі пәтер сатып алғаны жөнінде ақпарат пайда болды. 

– Құны шамамен £20 миллион болатын пәтердің бірі үшінші қабатта орналасқан және үш жатын бөлмені, қонақ бөлмені, асханасы бар ас үйді және төрт жуынатын бөлмені қоса алғанда, шамамен 500 м2 аумақты алып жатыр. Бесінші қабатта орналасқан тағы £5,7 млн тұратын екінші пәтерде бір жатын бөлме, қонақ бөлме және екі жуынатын бөлме бар, - делінген"ВЧК-ГПУ" арнасының жазбасында.

Толығырақ

Авторлардың айтуынша, Татьяна Ким компанияның Лондон қор биржасына шығуына дейін Қайрат Сатыбалды Вячеслав Кимнен Kaspi Group-дағы үлесін берген кезде пәтер сатып алған. 

– Бұл қадам компанияны саяси маңызды адамдардан арылтуға бағытталған. Өз байлығын Назарбаевтың отбасының қатысуымен тапқан Ким және оның отбасы да Мальта азаматтары. 2018 жылы инвестициялық азаматтық бағдарламасы бойынша осы арал мемлекетінің төлқұжаттарын сатып алған, - делінген басылымда.

Татьяна Ким

Татьяна Ким Ұлыбританияда 2022 жылдың тамызынан бастап инновациялық ұстара өндірушісі Evoshave компаниясына иелік етеді. 

Вячеслав Ким

Forbes мәліметтері бойынша, Вячеслав Ким – Kaspi.kz акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы 2023 жылдың 1 сәуіріндегі ақпаратқа қарағанда, ол компанияның 23,34% бақылайды. Kaspi.kz жалпы капиталы 13,74 миллиард долларды құрайды.

Оның байлығы 3 600 000 000 долларға бағаланады. Михаил Ломтадземен бірге ол Kaspi-ге иелік етеді. 

Қайрат Сатыбалды

2022 жылдың қыркүйек айының соңында Қайрат Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны және басқа да сотталушыларды "Көлік сервис орталығы" компаниясынан 28 млрд теңгеден астам ақша ұрлағаны және "Қазақтелеком"компаниясының 12 млрд теңгеден астам мөлшерінде материалдық залал келтіргені үшін кінәлі деп таныды.

2023 жылдың қазан айында сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов Сатыбалдыдан 300 миллион долларлық активтер мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.