×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді

03.07.2024, 13:25
Үкімет

Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Әуежайда оны Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды.

Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, $529,4 млн-ға жетті. Биыл да оң үрдіс сақталуда: 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға – $184,9 млн-ға дейін өсті.

Бұдан өзге, бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілген.

Серіктес жаңалықтары