×
475.39
513.37
5.4
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.39
513.37
5.4

Тоқаев БҰҰ бас хатшысымен келіссөз жүргізді

03.07.2024, 18:55
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кездесуде мемлекет басшысы ШЫҰ-ның Астана саммитіне қатысуға шақыруын қабыл алғаны үшін БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің сапары Қазақстан мен БҰҰ арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. 

– Сіздің Астанаға сапарыңыз және ШЫҰ саммитіне қатысуыңыз Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тығыз қарым-қатынастың жарқын белгісі саналады. Бұл біздің БҰҰ қызметіне атсалысып жатқанымызды көрсетеді. Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан және мен де Мемлекет басшысы ретінде БҰҰ-ның жұмысын жан-жақты қолдаймыз, – деді Президент.

ШЫҰ саммиті

Ертең Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Астанада өтеді. Ауқымды шараға 16 елден президенттер, үкімет басшылары және беделді халықарлық ұйым жетекшілері қатысады. Алқалы жиын алғаш рет ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен кездесуі форматында өтеді.

Астана декларациясынан бастап, «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы» және «ШЫҰ-ын жетілдіру туралы» бастамалар қабылданады. Сонымен қатар, Беларусь ұйымға мүше мемлекет мәртебесі беріледі. Жалпы, мемлекет басшылары өзекті халықаралық әрі өңірлік проблемалардың шешімін қарастырады.

Серіктес жаңалықтары