×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

Кремль Трамп пен Путин арасындағы келіссөздерді жоққа шығарды

04.07.2024, 00:15
Ашық дереккөзден

Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ президенттігіне ықтимал кандидат Дональд Трамп Владимир Путинмен Украинадағы соғысты аяқтау туралы келісім шарттары туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын Politico басылымы жазған еді. 

Ақ үйдің басшысы болуға ұмтылған АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин мен арасындағы келіссөздер фактісі жоққа шығарылды.

"Жоқ, олай емес", - деп жауап берді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков  Politico-ның Трамп пен Путиннің Украинадағы келісімі туралы хабарламасына түсініктеме беру туралы өтінішке жауап ретінде.

Бұған дейін

Украина президеніт Зеленский Трамптың соғысты тоқтату жоспарын тыңдауға дайын екендігін айтқан. 

 

Зеленский алдымен кез-келген бейбіт ұсыныс Украинаның егемендігін бұзудан аулақ болу керек деп ескертті.

"Егер Трамп бұл соғысты қалай аяқтау керектігін білсе, ол бүгін бізге айтуы керек. Егер Украинаның тәуелсіздігіне қауіп төнсе, мемлекеттіліктен айырылсақ - біз оған дайын болғымыз келсе, білуіміз керек", - деді Зеленский.

Ол Трамппен оның ұсыныстарын тыңдау үшін кездесуге "дайын" екенін атап өтті, бірақ америкалық саясаткердің командасы украин халқының "өмірін жоспарлай алмайтынын" айтты.

Серіктес жаңалықтары