×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Алматы тұрғындары жылу үшін 95 млн теңге артық төлеген

04.07.2024, 12:03
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазір қызмет көрсететін компаниялар Алматы тұрғындарының жылу үшін ақысын қайта есептеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы бойынша департаменті 2023-2024 жылдардағы жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептелгенін хабарлады.

– Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнама нормаларына сәйкес жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеу қайтарымы тұтынушылардың дербес шотында жеке жолмен көрініс табады, - деп хабарлады ведомстводан.

Қайта есептеу нәтижесінде жалпы сомасы 95 млн теңгеден астам қайтарылатыны анықталды.

Еске сала кетейік, Алматыда жылыту 2024 жылдың сәуір айында өшірілген. Алматыда бес күн ішінде ауа температурасы Цельсий бойынша 8 градустан жоғары болғанына байланысты жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданған.

Серіктес жаңалықтары