Бүгін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ХКҰ Ізгі ниет елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бас хатшы Димаштың өнері бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамды тәнті етіп, оның дауысы адам құқықтарын қорғауда және жалпы сананы арттыруда қомақты үлес қосатынын атап өтті.
ХКҰ ізгі ниет елшілері бағдарламасының мақсаты – қауіпсіз, тәртіпті және тұрақты көші-қонның маңыздылығына баса назар аудара отырып, көші-қонға қатысты мәселелерді көрсету үшін танымал және құрметті мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін тарту.