×
473.15
515.12
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.15
515.12
5.4

Қазақстанда бір аптада әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсті

05.07.2024, 11:34
Коллаж: Ulysmedia

Қазақстанда бір аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жылдық көрсеткіште 0,9%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 0,1%-ға, ал жылдық көрсеткіште 0,9%-ға өскен.

2 шілдедегі кейбір тауарлардың орташа бағасы:

- Айран 2,5% – 426 теңге/литр;

- Қарақұмық жармасы – 231 теңге/кг;

- Сүзбе – 2138 теңге/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне 19 тауар кіреді.

Бұған дейін Қазақстанда 17 апта ішінде алғаш рет әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарлардың бағасы өскені хабарланған болатын.​

Серіктес жаңалықтары