×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Қырғызстанда билікті басып алмақ болғандар ұсталды

05.07.2024, 15:40
Фото: Қырғызстан МҰҚК

Қырғызстандағы күш құрылымдары деструктивті топтың билікті күштеп басып алу әрекетінің алдын алды. Елдің бес азаматы ұсталып, бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Kaktus.media хабарлауынша, ұсталғандар арасында қылмыстық және діни идеологияларды қолдайтын адамдар болды. 

МҰҚК мәліметі бойынша, топта қылмыстық идеологияны қолдайтын және діни идеологияны фанатикалық түрде ұстанатын адамдар болған.

Ұсталғандарды және олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың компоненттері, атыс қаруы, оқ-дәрілер, рациялар, оқ өтпейтін желеттер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің киімі, дрондар, экстремистік әдебиеттер және басқа да тыйым салынған заттар табылған.​​

Серіктес жаңалықтары