×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Алматыда аялдаманы сындырған ер адам ұсталды

05.07.2024, 17:45
Алматыда аялдаманы сындырған ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматыда аялдаманы сындырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бостандық ауданында 32 жастағы ер адам бұзақылық жасаған. Ол аялдаманың бірінде терезені сындырған. 

«Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Күдікті ұсталып, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов. 

Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады.