×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Қазақстандық журналист Айдос Садық Киевте жерленді

05.07.2024, 18:45
Қазақстандық журналист Айдос Садық Киевте жерленді
Фото: видеокадр

5 шілдеде Киевте қаза тапқан қазақстандық журналист Айдос Садықовты жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Киевте Айдос Садықовтың жерлеу рәсімі өтті. Журналистпен қоштасуға ондаған адам келді. Олардың арасында марқұмның туыстары мен достары ғана емес, қала тұрғындары да болды. Қоштасу рәсімі Қырым мұсылмандарының діни басқармасы орналасқан «Бірлік» мешітінде өтті.

Сонымен қатар Қостанай тұрғындарының қаза тапқан журналист Айдос Садықовты еске алу үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл әкеліп жатқаны хабарланды.

Айдос Садықов — Қазақстан билігін сынағаны және елдің саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін танымал болған қазақстандық блогер және оппозициялық белсенді. Ол Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауылында дүниеге келген.  Мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе педагогикалық институтының тарих факультетіне түскен. Бірақ педагог болмай, оның орнына бизнеспен айналысып, мұнай компаниясында жұмыс істеген.

18 маусымда Украина астанасында Айдос Садықовқа қастандық жасалғаны белгілі болды. Оның әйелі Наталья Садықова босқын мәртебесінде отбасы тұрып жатқан үйдіғ жанында болғанын хабарлады.​​