×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Эквадор түрмесіндегі тәртіпсіздік салдарынан 68 адам ажал құшты

14.11.2021, 14:38
Фото: ашық дереккөз

Эквадордағы Литораль түрмесінде болған төбелес салдарынан кем дегенде 68 тұтқын қаза болып, тағы жиырма адам жараланды. Бұл соңғы үш айда түзеу мекемесінде орын алған екінші ірі оқиға, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

bbc.com-ның мәліметінше, қыркүйек айының  соңында осы түрмеде бақталас топтар арасында болған төбелес салдарынан 119 адам қаза болған.

Жаңа тәртіпсіздіктер 12 қарашада басталды. Ел үкіметі қанды қырғынның себебі – есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың түрмелерді бақылау үшін бәсекелестігі болуы мүмкін. дереккөзге сүенсек, оңтүстіктегі Гуаякиль қаласындағы түрме ғимараттарына кірген полиция қызметкерлері атыс қаруларын, жарылғыш заттар мен пышақтарды тапқан.

Үкімет 13 қараша күні кешке қарай түрмедегі жағдай бақылауға алынғанын, қазір жағдайды реттеу үшін құқық қорғау ұйымдары мен БҰҰ өкілдерімен кездесулер өтіп жатқанын хабарлады. Басқа мәліметтерге қарағанда, тәртіпсіздіктер әлі толық басылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары