×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Еуро-2024: ширек финалдың бүгінгі екі ойынында кімнің бағы жанады

06.07.2024, 17:23
Еуро-2024: ширек финалдың бүгінгі екі ойынында кімнің бағы жанады
UEFA

Күн өткен сайын қызығы артып, дүбірі қатты естіле бастаған футболдан биылғы Еуропа біріншілігінің бүгін, 6 шілде күні ¼ финалының соңғы екі ойыны өтпек. Жасыл алаңда Англия мен Швейцария және Нидерланд пен Түркия жұбы жолығады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Кешкі сағат сағат 21.00-де Англия мен Швейцария шеберлік сынасады.

Кездесу Дюссельдорф қаласындағы «Меркур Шпиль-Арена» стадионында өтеді.

Сондай-ақ бүгін түнгі сағат 00.00-де Нидерланд пен Түркия кездесуі басталады.

Ойын Берлин қаласындағы «Олимпиаштадион» стадионында өтуі жоспарланған.

Еске сала кетсек, кеше түнде Германияны өз алаңында 2-1 есебімен тізе бүктірген Испания ұлттық құрамасы мен Португалиядан негізгі уақытта да, қосымша белгіленген қос экстра таймда да гол соқпай-ақ бағын асырған Франция командасы жартылай финалға жолдама алды. Француздардың тек ойын соңындағы пенальтилер сериясында ғана жолы болды. 
Осылайша Франция құрамасы Еуро додасының тарихындағы гол соқпай-ақ жартылай финалға өткен тұңғыш команда атанды.