Әйгілі экологиялық белсенді Грета Тунберг Нидерландта кезекті наразылық акциясынан кейін ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Extinction Rebellion қозғалысы Гаагада климаттық шеру ұйымдастырған. Наразылық акциясы негізгі А12 тас жолының бойында өткізілгендіктен, шерушілер жоды жауып қалған.
Полиция наразылық білдірушілерді тарату үшін оларға қарсы су атқыш техникаларды қолданған. Ұсталғандардың арасында 21 жастағы атақты шведтік қоршаған ортаны қорғау белсендісі Грета Тунберг те бар.
Грета Тунберг – халықаралық абырой-беделі бар экологиялық белсенді. Ол өзінің бірбеткейлігімен және және саяси қайраткерлерді олардың экологиялық проблемаларды шешудегі жігерсіздігі мен құлықсыздығы үшін тайсалмай сынай алатын қайсарлығымен танымал.