×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Жамбыл облысында 200-ден астам үйдің ауласын су басты

08.07.2024, 10:07
Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында жауын-шашын салдарынан бірнеше көшені су басты. Бұл туралы Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 7 шілде күні сағат 17:00-де Сарысу ауданы Жаңатас қаласында жаңбырдың салдарынан Байсейітов, Есеев, Аяпов, Құрманғазы мен Клочков көшелерін су басты. 200-ден астам тұрғын үйдің ауласына су кіріп, 21 үй су астында қалды.

 «Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша, су деңгейі төмендеді. Атқарушы органдар су басқан үйлерді аралап, тексеріп жүр. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ», - деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Жаңатас қаласына ТЖД-ның 43 құтқарушысы келіп, 20-дан астам техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары