×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Жамбыл облысында 50-ге жуық үйді су алып қалды

08.07.2024, 17:17
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысында жүздеген ауланы су басып, ондаған үйді су алып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 7 шілде күні Сарысу ауданы Жаңатас қаласында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшелердегі 400-ден астам үйдің ауласы мен 47 үйдің ішін су алды. Шығынды есептеу, қосымша нақтылау шаралары жүріп жатыр.

Жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған 50-ден астам адам тұрғындарға көмектесіп, су айдау жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, 17 бірлік техника тартылып, 11 мотопомпа қолданылуда. Қажетті техникалар санын арттыру үшін жедел шаралар қолға алынып жатыр.

Қазір арнайы техникалардың көмегімен суды тоқтату, бағытын бұру жұмыстары үздіксіз атқарылып жатыр.

Зардап шеккен тұрғындар үшін қабылдау пунктері дайындыққа келтірілді. Азаматтарды тасымалдауға арнайы көліктер қарастырылған.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, су алған аулаларды аралап көріп, ахуалмен танысты.  Ол жедел штаб отырысында жағдайдың қайталанбауы үшін нақты міндеттер жүктеді.

Серіктес жаңалықтары