×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

"Тегін жағажай жоқ!": Депутаттар Бурабайдағы демалыс бағасына шүйлікті

09.07.2024, 15:43
"Тегін жағажай жоқ!": Депутаттар Бурабайдағы демалыс бағасына шүйлікті
Коллаж: Ulysmedia

Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов пен Бақытжан Базарбек туризм және спорт министрлігін Бурабайдағы бизнеске назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Блогер Аида Жексенова Бурабайдағы бизнестің қымбат екенін, соған сай жағдай жасалмағанын айтты.

Түріктерде Жерорта теңізі бар, қазақтарды қоса алғанда барлық әлем сол жақта демалады. Қазақстарға Бурабайда Щучье көлін берген, олар болса оны қоршап тастады. Тегін жағажай мүлдем жоқ. Қоршау арасынан тегін жер табу үшін де бірнеше километр жүруің керек. Ақша кімнің қалтасына кетіп жатыр? Жағажайға кіру 1500 теңге, көлік қою - 2000 теңге, өзіңнің шатырыңды қою – 8000  теңге, теңіз контейнері сияқты үйшікті жалға алу - 20 мың теңге, таңғы асқа ботқа 1000 теңге. Төсек қисық, көрпе-жастықтары нашар, тұсқағаздары жыртық. Дәретхана да ақылы. Құлып тұр. Бизнес деген жақсы ғой, бірақ қарапайым адамдарға балама болуы керек емес пе?, – деп жазды ол.

Депутат Мұрат Әбенов заңсыз бизнесті кімнің қорғап жүргенін сұрап, ашуын білдірді. 

“Мұндай батпан құйрықты кім жасап, қорғап отыр? Туризм министрлігі кімнің мүддесін қорғайды? Жер кодексін бұзып, мемлекет иелігіндегі жерді кім қоршап, ақы алып жүр? Заңсыз бизнестің қорғаушысы кім?” – деді депутат Мұрат Әбенов.

Депутат Бақытжан Базарбек Бурабайдағы бизнеске сұрақ көп екенімен келісті. 

“Бурабайдағы жер учаскелері, жаңа қонақүйлер бойынша сұрақ көп. Жер-құқық проблемаларын тізе берсең, шыға береді. Министрлік тексеруге асықпайды, прокурорлар ұйықтап жатыр, әкімдер соны пайдаланады. Тексеріс керек, әрі жылдам болғаны жақсы”, – деді ол.